"Ми гимнастикасы" қозғалыс пен ойды біріктіру мақсатында дене шынықтыру жаттығулар арқылы ми жұмысының табиғи механизмдерін белсендіру әдістемесін қамтиды. Жаттығулар ақыл-ой белсенділігін жақсартады, жарты шарлардың жұмысын синхрондайды, есте сақтауға ықпал етеді, зейіннің тұрақтылығын арттырады, сөйлеу функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі, оқу мен жазу процестерін жеңілдетеді.