Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар және ағымдағы жылы даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Құжаттар тізімі
- порталға:
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№065/у нысаны және № 026/у-3 нысаны,
3) баланың 3х4 см сандық фотосуреті.
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз жүзінде):
1) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
2)жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады),
3) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (№065/у нысаны және № 026/у-3 нысаны;
4) 2 дана мөлшерінде 3х4 см баланың фотосуреттері.